24 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 181 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 155, симптомсыз – 26 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 54, келіп түскені – 61.
Инфекциялық стационарларда 626 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 33 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 47 адам жатыр. Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 20 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 14 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1066 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 895 науқас. 171 адамда коронавирус белгілері жоқ.