«8 қазаннан бері әуе бортынан 33 адам түсірілді. Осының арқасында аурудың таралу ықтималдығы сейілді. Олардың барлығы оқшауланған. Сондай-ақ 5000 адам анықтамасыз ұшқан. Олар тексеруден өтіп, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен соң ғана жіберілді», - деді Ж.Бекшин.
Оның айтуынша, көбіне курорттық аймақтарда демалып келгендер вирус әкеліп жатыр.
«Басқа елге барудан бас тарта тұруды өтінемін. Үйде отырыңыздар. Бізде қазір шетелге қарағанда ауру көрсеткіші төмен болып тұр», - деді Ж.Бекшин.