Алматыда коронавирус жұқтырған 36 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 225 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 55 адам коронавирус жұқтырған. Барлық емделіп шыққандар –21, келіп түскені –12. Инфекциялық стационарларда 225 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1 434), оның ішінде 4 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 36 адам жатыр. Ал 9 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 17 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 470 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 460 науқас. 10 адамда коронавирус белгілері жоқ.