12 желтоқсан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 14 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар –5 , келіп түскені –13.
Инфекциялық стационарларда 205 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 1434), оның ішінде 5 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 36 адам жатыр.
Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 12 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 5 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 393 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 387 науқас. 6 адамда коронавирус белгілері жоқ.