Алматыда коронавирус жұқтырған 393 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 4873 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 264 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1225, симптомсыз – 39 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 562 , келіп түскені – 388.

«Инфекциялық стационарларда 4873 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 127 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 393 адам жатыр.

Ал 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 168 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 179 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 9788 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда –9 473 науқас. 315 адамда коронавирус белгілері жоқ.