29 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 253 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 208, симптомсыз – 45 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 78 , келіп түскені – 84.
Инфекциялық стационарларда 663 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 47 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 54 адам жатыр. Ал 9 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 16 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1357 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1145 науқас. 212 адамда коронавирус белгілері жоқ.