23 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 123 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 111, симптомсыз – 12 науқас тіркелді.Барлық емделіп шыққандар – 44, келіп түскені – 52
«Инфекциялық стационарларда 458 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 51 адам жатыр.
Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 29 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 976 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 930 науқас. 46 адамда коронавирус белгілері жоқ.