19 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 555 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1440, симптомсыз – 115 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 539, келіп түскені – 690.
«Инфекциялық стационарларда 6 336 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 191 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, жансақтау және қарқынды терапия бөлімінде 452 адам жатыр.
Ал 52 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 200 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 197 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 14 180 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 13 620 науқас. 560 адамда коронавирус белгілері жоқ.