Жазылып шыққандар саны - 28 болса, 37 адам ауруханаға жаңадан түсті.
2 145 төсек-орындық инфекциялық стационарда 730 адам жатыр, оның ішінде 35 бала ем алып жатыр.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 56 адам бар. 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 6 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. High flow-да 14 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 011 науқас бар.
Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 1 852 науқас, симптомсыз 159 науқас бар.