27 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 279 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 235, симптомсыз – 44 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 228, келіп түскені – 67.
Инфекциялық стационарларда 1897 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5 940), оның ішінде 57 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 141 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 56 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 34 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2092 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1787 науқас. 305 адамда коронавирус белгілері жоқ.