7 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 911 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 872, симптомсыз – 39 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 521 , келіп түскені – 379.
«Инфекциялық стационарларда 3754 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –7705 ), оның ішінде 116 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 339 адам жатыр.
Ал 58 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 137 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 168 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 7735 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 7501 науқас. 234 адамда коронавирус белгілері жоқ.