25 тамыз күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 1 605 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 1 512, симптомсыз – 93 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 688, келіп түскені – 578.
«Инфекциялық стационарларда 5 871 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –8 910 ), оның ішінде 174 бала емделуде», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 461 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 192 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 204 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 12 824 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 12 317 науқас. 507 адамда коронавирус белгілері жоқ.