11 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 238 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 223, симптомсыз – 15 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 25, келіп түскені – 99 «Инфекциялық стационарларда 1 451 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 60 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен. Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 150 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 79 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 091 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2958 науқас. 133 адамда коронавирус белгілері жоқ.