Алматыда коронавирус жұқтырған 63 бала ауруханада жатыр
30 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 230 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 178, симптомсыз – 52 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 57, келіп түскені – 56. Инфекциялық стационарларда 1 752 адам бар (төсек-орынның жалпы саны – 5 940), оның ішінде 63 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 130 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 55 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 25 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 899 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1 621 науқас. 278 адамда коронавирус белгілері жоқ.