30 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 498 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 475, симптомсыз – 23 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 178, келіп түскені – 178.
«Инфекциялық стационарларда 1 774 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 70 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 184 адам жатыр.
Ал 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 85 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 45 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 236 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4 087 науқас. 149 адамда коронавирус белгілері жоқ.