30 маусым күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 305 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 282, симптомсыз – 23 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 59 , келіп түскені – 104.
Инфекциялық стационарларда 703 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1 730 ), оның ішінде 53 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 54 адам жатыр. Ал 11 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 23 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1507 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 1294 науқас. 213 адамда коронавирус белгілері жоқ.