Алматыда коронавирус жұқтырған 71 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
19 қаңтар күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 2 025 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 131, келіп түскені – 241.
«Инфекциялық стационарларда 1 244 адам бар (төсек-орын - 2380 ). Оның ішінде 179 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 71 адам жатыр.
Ал 13 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 27 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 8 455 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 8008 науқас.
447 адамда коронавирус белгілері жоқ.