16 қыркүйек күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 651 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 601, симптомсыз – 50 науқас тіркелді.Барлық емделіп шыққандар – 264, келіп түскені – 261.
«Инфекциялық стационарларда 2 738 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –5230), оның ішінде 75 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 265 адам жатыр.
Ал 48 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 121 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 84 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 6 019 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 5 866 науқас. 153 адамда коронавирус белгілері жоқ.