13 ақпан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 382 адам коронавирус жұқтырған.
Барлық емделіп шыққандар – 33, келіп түскені – 55
«Инфекциялық стационарларда 1 211 адам бар. (Төсек-орын 3310 ). Оның ішінде 77 бала емделіп жатыр», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 89 адам жатыр.
Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 28 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 18 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 4 703 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 4 411науқас.
Симптомсыз 292 науқас бар.