Алматыда коронавирус жұқтырған 80 бала емделіп жатыр
6 шілде күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 299 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 259, симптомсыз – 40 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 44, келіп түскені – 119.
Инфекциялық стационарларда 1 131 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 700), оның ішінде 80 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 102 адам жатыр. Ал 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 34 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 22 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2306 пациент бар. Оның ішінде вирус белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2015 науқас, 291 адамда коронавирус белгілері жоқ.