20 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 510 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 442, симптомсыз – 68 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 233, келіп түскені – 201.
Инфекциялық стационарларда 2 695 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 86 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 173 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 55 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 61 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 040 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2678 науқас. 362 адамда коронавирус белгілері жоқ.