24 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 348 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 303, симптомсыз – 45 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шығарылғандар – 55, келіп түскені – 58.
Инфекциялық стационарларда 2 243 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 72 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 164 адам жатыр. Ал 23 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 51 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2446 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда 2134 науқас. 312 адамда коронавирус белгілері жоқ.