«Мемлекеттік комиссия шығарған қаулыға сәйкес, инфекциялық және провизорлық стационарларда жұмыс істейтін, вирусты жұқтыруы мүмкін науқастармен жұмыс істеген медицина қызметкерлері 2 млн теңге мөлшерінде өтемақы алуы тиіс. Комиссия шешіміне сәйкес, өз міндетін атқарып жатқан мамандардың барлығы өтемақы алуы керек деп ойлаймын»,-деді басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Айта кету керек, Алматыда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны 218-ге жетті. Олардың басым көпшілігі Алматы орталық клиникалық ауруханасында жұмыс істеген.