«Кеше Алматыда тағы бір адамның жұқтырғаны анықталды. 1986 жылы туған әйел Алматы-Стамбул бағытындағы рейспен 15 наурызда таңғы сағат 6-да келген. Ол арнайы категорияға жатпайтын елден келген соң карантинге жатқызылмады. Кеше алынған қан талдауы оң нәтиже көрсетті», - деді басқарма басшысы Т.Әбілдаев.
Оның айтуынша, әйел тамағы жыбырлап өзін жайсыз сезінген соң қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылған.
«Ол қызбен байланыста болғандардың барлығы анықталып, карантинге жабылды», - дедіол.
Айта кету керек, COVID-19 эпидемиологиялық ахуалы бойынша Қазақстанда жұқтырғандар саны әр сағат сайын өзгеріп жатыр.
Дәл қазіргі уақытта елде ауырғандар саны 32-ге жетті.