Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап келеді, Бұл туралы қала басшысы Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы «сары» және «қызыл» аймақтың ортасында тұр. Эпидемиялогиялық ахуал нашарлап барады. Тәулігіне 35–40 жағдайға дейін тіркеліп жатыр. Тамыз айында жансақтау бөлімінде 59 науқас болды. Қыркүйекте –14, қазанда – 15, қараша айының 15 күнінде 15 науқас жансақтау бөліміне түсті. Жағдай ушығып барады»,– деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, коронавирус егде жастағы адамдарға үлкен қауіп төндіреді.

«Жансақтау бөлімінде кімдер жатыр? Егде жастағы адамдар. Олардың орташа жасы 65-67 жас аралығында. Бұл індеттен көбіне үлкен кісілер зардап шегуде. Тікелей COVID-19-дан емес, созылмалы аурулардың асқынуына байланысты», - деді әкім.

Әкімнің айтуынша, Алматыда COVID-19 науқастарына арналған реанимациялық 250 орын бар, оның 167-сі резервте.