АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда вирус жұқтырғандардың саны азаймай отыр. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Алматы қаласында вирусты сырттан әкелгендердің үлесі - 3,7%. Профилактикалық тексеру кезінде 783 адамнан вирус табылды, ол - барлық науқастардың 28,8%. Өз еркімен тексеріске келгендер үлесі - 3,3%, байланыста болғандар – 1842 адам, яғни 67,8%. 1647 адам немесе пациенттердің 60% жазылып, үйіне шықты», - дейді Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, қазір Алматыда коронавирус жұқтырған 2715 адам бар. Қалада індет жұқтыру фактілері азаймай отырғандықтан карантин шаралары сақталады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.