Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Емделіп шыққандар саны 116 болса, 53 адам ауруханаға жаңадан түсті. 3 310 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 859 адам жатыр, оның ішінде 39 бала ем алып жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 66 адам жатыр.
18 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 19 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 17 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 563 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 3 322 науқас. Симптомсыз 241 науқас бар.