Қазіргі уақытта Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың расталған 756 жағдайы тіркелген.
«Оның ішінде орталық қалалық аурухананың карантиндегі 22 медицина қызметкері, №1 қалалық клиникалық аурухананың провизорлық стационарының 2 қызметкері, балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 10 қызметкері, 4 медициналық жедел жәрдем қызметінің 4 қызметкері және вирус жұқтырған адаммен байланыста болған 40 адам бар»,– деп хабарлады басқармадан.
Екі адамның жай-күйі өте ауыр, 24 адам – ауыр, 198 пациент - орташа ауыр жағдайда. Қалған науқастардың жағдайы бірқалыпты.
Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында 663 пациент емделуде.
Провизорлық орталықтарда - 440 адам, оның ішінде 15 бала бар. Карантиндік оқшаулауда – 421 (5 бала), үй карантинінде – 10 093 азамат бар.
Бүгінгі күнге дейін Алматыда 88 адам сауығып, үйіне шыққан.