Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 58,4% жетті – Бекшин

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 58,4%-ға жетті. Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні қалада коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 58,4%-ға жетті. Әлі де вакцина мен ревакцинацияны жалғастыру керек. Адамдар вакциналанбаған кезде, мегаполисте мутацияланған штамдардың пайда болу қаупі артады»,- дейді ол.

Айта кетейік, Алматыда Pfizer екпесін 26 164 адам, оның ішінде 1 458 жүкті әйел, 5 231 бала емізетін ана және 19 475 бала мен жасөспірім алды. 45 503 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.

Бұған дейін Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполисте эпидемиологиялық ахуал тұрақты екенін айтқан болатын.