«2020 жылы Алматыға COVID-19-пен күреске республикалық бюджеттен 21,6 млрд теңге бөлінді. Ал жергілікті бюджеттен 89,4 млрд теңге қарастырылды. Жалпы 100 млрд астам теңге жұмсалды. Шығындар осы жылдың соңына дейінгі екінші толқынды ескере отырып жоспарланып отыр», - деді Алматы әкімі әкімі Бақытжан Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Әкімнің айтуынша, бұл қаражат жұқпалы аурулар ауруханаларының құрылысына, медициналық жабдық сатып алуға, медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, жедел жәрдем көлігін, жеке қорғану құралдарын, тамақ өнімдерін сатып алуға, өтемақы төлемдеріне, азық-түлік және дәрі-дәрмек тұрақтандыру қорына, сонымен қатар, қаланы ауқымды дезинфекциялауға жұмсалды.