Бұл ақпарат Facebook желісінде тараған болатын. Ақпаратқа сәйкес, полиция қызметкерлері басқарма офисіне келіп, компьютерлерді тәркілеп алып кеткен.
«Иә, шынымен COVID-19 қарсы күреске бөлінген қаражаттың жұмсалуына қатысты тексеру жүріп жатыр. Бұған қатысты түсініктеме бере алмаймын. Сауалдарыңызды құқық қорғау органдарына қойғандарыңыз абзал», - деді басқарма басшысы.
Камалжан Надыров басқарманың штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.
«Бұл - қалыпты жұмыс процесі. Құқық қорғау органдары бюджет қаражатының қай мақсатта жұмсалғанын тексеріп жатыр. Ал біз өз міндетімізді атқаруды жалғастыра береміз», -деді ол.