21 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 127 адам коронавирус жұқтырған.
Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 116, симптомсыз – 11 науқас тіркелді.
Барлық емделіп шыққандар – 14, келіп түскені – 38.
«Инфекциялық стационарларда 637 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 68 адам жатыр.
Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 36 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 9 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1077 пациент бар.
Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 1019 науқас. 58 адамда коронавирус белгілері жоқ.