Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби инфекция жұқтырғандармен жақын байланыста болып, 16 сәуірде анасымен бірге ауруханаға түскен.
Сәбиге «асқынған бронхит» диагнозы қойылып, жағдайы орташа дәрежеде болды.
Қазір ол анасымен бірге сауығып, емханадан шығарылды. Басқарманың мәліметінше, басқа емделушілердің жағдайы жақсы.
Осы уақытқа дейін Алматыда қауіпті індеттен 299 адам жазылып шыққан.