АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда COVID-19 құрбандары үшін арнайы полигон анықталды. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айзат Молдақасымованың айтуынша, жедел штаб жерлеу алгоритмін әзірлеген.
«Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Арнайы алгоритмге сәйкес жерленеді. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады. Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болмақ», - дейді Айзат Молдақасымова.
Оның айтуынша, полигон қаладан тыс жерде орналасқан, маңында елді мекендер жоқ, сәйкесінше барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қаладан оқшауланған.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.