АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Medical Partners Korea клиникасы коронавирусты анықтайтын тағы бір тест орталығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Aport Mall орталығының тұрақ аймағында ашылған жаңа пункт сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай–ақ, «Нұрлы-Тау» және «Halyk Arena» мобильді пункттерінің жұмыс кестесі өзгерді. Енді олар 08:00-ден 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді.
ПТР тестінің құны – 15 500 теңге.
Бұған дейін, Алматы әкімі мегополисте ПТР тест жасайтын қосымша жекеменшік екі зертхана ашылатынын айтқан болатын.
Жалпы қала бойынша, 300 мыңға жуық тест жүргізілді. Оның 245 мыңы ПТР тесті.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.