Алматыда коронавирусты қай жастағылар ең көп жұқтырғаны белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Онлайн баспасөз-конференциясы барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусты ең көп жұқтырғандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық тексеру нәтижелері бойынша ең көп КВИ жұқтырған азаматтар 20-39 жас (31,2%), 40-59 жас (24%) және 60 және одан жоғары жастағы қарт адамдар (23%), бұл барлық науқастардың 81% құрайды;

өзін – өзі жұмыспен қамтығандар арасында сырқаттанушылық басым – 36,6 %, (2,3% – ға төмендеуі), зейнеткерлер – 23,2 % (0,1% – ға өсуі).

«Жалпы, соңғы 7 күнде КВИ жұқтырудың негізгі орындары сауда объектілері – 34 %, отбасылардағы байланыстар – 19,5% (1,5% – ға өсті), қоғамдық көлік-17,8% (0,38% - ға өсті) болып табылады»,-деді ол.

Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин алдағы уақытта вакцинацияланғандардың санын 75% - ға дейін және одан да жоғары деңгейге тезірек жеткізу міндеті тұрғанын атап өтті.