Оның айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай ұшығып тұр. Қала бұрынғыдай «қызыл» аймақта.
«Пандемия басталғалы қалада вирус жұқтырудың 34 598 жағдайы тіркелді. Ал 2021 жылдың басынан бері 16 077 жағдай анықталды, оның 9 525 жағдайы тек наурыз айында тіркелген. Яғни наурыз айында жұртшылық арасында вирустың тарауы өрши түскен. Соңғы 7 күндегі вирустың таралу динамикасы өте жоғары, мәселен, 25 наурыз күні 333 жағдай анықталса, 31 наурызда ол 515-ке жетті», - дейді ол.
Сонымен қатар ол вирусты кімдер көптеп жұқтырып жатқанын айтты.
«Кеше вирус анықталғандардың көпшілігі - жеке кәсіпкерлікпен айналысатындар немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестікте жұмыс істейтіндер. Сондай-ақ жұмыссыздар да бар. Вирусты негізінен осы санаттағы адамдар жұқтырып жатыр», - деді эпидемиолог дәрігер.