«Келесі толқынның болуы, болмауы тұрғындарға байланысты. Егер олар Жаңа жылды үйде қарсы алса, халық көп жиналатын жерлерге бармаса, барынша санитарлық талаптарды сақтаса бесінші толқын болмауы мүмкін. Нәтиже мерекелерден кейін белгілі болады. Эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанымен қауіптің беті қайтты деуге ерте», - деді ол.
Сонымен қатар, ол мониторинг топтары мейрамханалар мен жалға берілетін коттедждерді тексеретінін айтты.
«Мониторинг топтары мереке қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істейді. Айта кету керек инфекцияның таралуын болдырмауда олардың атқарар рөлі зор. Қазірдің өзінде, мейрамхана қызметкерлерінн түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, жалға берілетін коттедждер де бақылауға алынады», - дейді Сәдуақас Байғабылов
12:35, 29 Желтоқсан 2021
Алматыда коронавирустың бесінші толқыны бола ма
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мегаполисте эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанымен қауіптің беті қайтты деуге ерте. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.