Алматыда коронавирустың жаңа штамы бар-жоғы тексеріледі
Жандарбек Бекшин бұған дейін зерттеу жүргізілгенін, оның барысында зерттеу үшін алынған сынамалардың 78 пайызынан «британдық» штамм анықталғанын айтты. Сондай-ақ, «бразилиялық» және «Оңтүстік Африка» коронавирус штамдары да бар.
«Біз келесі аптада 1000 сынаманы зерттеуді жоспарлап отырмыз, мутацияны анықтаймыз. Мутацияланған штамм ішінен «британиялық», «даниялық», «бразилиялық» және «Оңтүстік Африка» штамдарын нақты анықтауды жоспарлап отырмыз. Бұл қоздырғыштардың ерекшелігі жұқпалығы және қысқа инкубациялық кезеңінде. Мутациялар жас топқа бағытталған. Науқастардың саны наурызда 90 пайызға, ал қаңтарда науқастардың жалпы санының 73 пайызына жетті», - деді Жандарбек Бекшин.
Бұған дейін, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 36%-ы — жастар екенін хабараған болатынбыз.