Алматыда Алғабас көшесімен батыс бағытта келе жатқан ақ түсті Тойота Хайландер қарама-қарсы келе жатқан қара түсті Тойота Хайландерді соққан.
Соққыдан джип айналып келіп қарама-қарсы бағытта қозғалып келе жатқан Мерседес көлігіне бетпе-бет соғылады.
Жол апатынан Мерседес жүргізушісі мен жолаушысы жапа шекті. Оларды жедел жәрдем алып кетті.