АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, алты адам жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Көлік апаты Ырысты және Набережная көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes маркалы көлік Набережная көшесімен оңтүстік бағытты бетке алып келе жатқан. Ырысты көшесінде бұрыла беріп, Audi маркалы көлікпен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан 6 адам жапа шекті, барлығы да қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды.
Автор: Асель Асанова
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.