Нәзік жандыларға арналған мерекелік концертте әсем әндер, өлеңдер мен құттықтаулар орындалды.
«Көрермендерімізді «Квинта» үлгілі вокалды-эстрадалық студиясы, үлгілі «Экзерсис» хореографиялық студиясы және «Жұлдызай» би ансамблінің талантты балалары жарқыраған костюмдер, отты әуен және билерімен қуантты. Аналар мен әжелер қауымы балалардың өнеріне тәнті болып, қуана қол соқты. Біздің таланттарға разылықтарын білдіріп, қошеметтерін көрсетті», дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.