Алматыда көше бойы мен аула алаңдарын тазартуға арналған сенбілік өтті

АЛМАТЫ. 20 тамыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыдағы Алмалы ауданның 1500-ге тарта тұрғындары, коммуналдық қызмет жұмысшылары, ПИК, түрлі мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері сенбілік жұмыстарын өткізді.

Бұл аудан қаланың орталық аймағында орналасқан. Шара барысында Абай, Досмұхамедов, Байзақов пен Райымбек көшелері мен аула алаңдарына тазалық жұмыстары жүргізілді. 300 текше метрге жуық қоқыс жиналып шығарылды.

Сенбілік жұмыстарын жүргізуге 9 арнайы техника жұмылдырылып, 2000 пакет пен акцияға қатысушылардың барлығына жұмыс қолғабы таратылған.