Алматы әкімдігі ауыстыру жұмыстарына байланысты тәуліктің қараңғы кезінде көше шамдарының сөндірілуі фактілері байқалып отырғанын ескертеді. Қазіргі кезде көшедегі жарықты диспетчерлік басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу үшін басқару шкафтары орнатылуда.
«Барлығы 1027 шкаф орнатылады, олардың 119-ы - Алатау ауданында, 143-і - Алмалы, 163-і - Әуезов, 110-ы - Бостандық, 119-ы - Жетісу, 212-сі - Медеу, 140-ы - Түркісіб, 21-і - Наурызбай ауданында болмақ. Көшені жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесін іске қосу жұмыстары ағымдағы жылғы мамыр айының соңына дейін аяқталады. Алматы түрғындарының түсіністікпен қарауын сұраймыз», - деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.