Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көшеде ер адамды өлтіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Алматының Түрксіб ауданында 28 маусым күні болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінен мәлім еткендей, «Буран-291» патрульдік экипажы күдіктіні «ізін суытпай» ұстады.

«Ұсталған күдіктінің айтуынша, ол тек пышақпен қорғанған, ал қарудың қарсыласының денесіне қалай тигенін білмейді. Сонымен қатар, оның мас болғаны анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Күдікті Алматы облысы, Қарасай ауданының 45 жастағы тұрғыны.

Күдікті мен куәгерлер полиция бөліміне жеткізілді. Арнайы топ оқиға болған жерді қарау кезінде қылмыс қаруын тауып, сараптамаға жіберді.