Алматыда көшенің ортасында көлік өртенді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көшеде жеңіл көлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне бүгін таңғы сағат 9:57 минутта Райымбек даңғылы мен Бөкейханов көшесінің қиылысында жеңіл машинаның өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.
«Өрт сөндірушілер келген кезде 1990 жылы шыққан «Mercedes-Benz 190 E» автокөлігі жанып жатты. Қызыл жалын 8 минутта сөндірілді», - деп хабарлады ведомствадан.
Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерге көлік лезде өртеніп кететінін еске салды.
«Материалдық шығынға жол бермеу үшін техникалық қызмет көрсету орталығына уақытылы қаратып тұру қажет. Қыс мезгілінде ашық отты қолданбаған жөн», - деп толықтырды ведомстводан.