Алматыда қосымша білім беру ұйымдары басшыларының республикалық семинар-кеңесі өтеді

АЛМАТЫ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ақпанның 18-19 күндері «12 жылдық білім беруге көшуге байланысты балаларға қосымша білім берудің қазіргі заманғы жүйесі және даму перспективалары» деген тақырыпта қосымша білім беру ұйымдары басшыларының республикалық семинар-кеңесі өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр. Бұл шараға Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінен, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясынан, Республикалық білім беру жүйесінің педагог кадрлары біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының өкілдері, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатыспақ. Жалпы қазіргі таңда республикада 620 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Онда 517 998 балалар мен жасөспiрiмдер қамтылған. Бұл оқушылардың 21,5 пайызын құрайды. Қосымша білім беру жүйесі жеке тұлғаны оқыту, тәрбиелеу және дамытудың тұтастығын қамтамасыз ететін білім ретінде қоғам мен мемлекет тарапынан қолдауды талап етеді.