Оның айтуынша, коронавирус жұқтырғандардың көбі үй карантині талаптарын бұзған.
«Біз 200 жуық үй ошақтарын тексердік. 23 жағдайда заңбұзушылық болған. Науқастар үйде болмаған. Бұл вирустың тез таралуына ықпал еткен», - деді Бекшин.
Осыған байланысты қалада қосымша шектеу шаралары енгізілген.
«Мен қосымша шектеулер туралы қаулы шығардым. Ол симптомсыз науқастарды бақылауға бағытталған. Олар белгіленген үй карантинін бұзбауы тиіс», - деді Бекшин.
Карантин талаптарын сақтамаған адамдарды арнайы ұйым карантинге қамайтын болады. Егер осы әрекет бірнеше рет қайталанса, оларға айыппұл салынатын болады.