АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қоймадағы ірі өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өрт орнында 100 қызметкер , 24 техника, 6 су тасымалдайтын автокөлік 1 Қазавиақұтқару МИ- 171 (703), Құтқару қызметінің МИ -8 МТВ тікұшақтары көтерілуге дайын»,– деп мәлім етті Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Бұған дейін қоймадан өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
фото: np.kz/events
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.