АЛМАТЫ. Қазақпарат - Алматыда қоймадан шыққан өрт сөндіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
5 наурыз күні 20:04-те ТЖД-ның «101» пультіне Алатау ауданы Теректі шағын ауданы Таусамалы көшесіндегі қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер қазіргі сәтте тілсіз жаумен арпалысып жатыр.
«Оқиға орнында штаб құрылды, өртті сөндіруге 3 алаң дайындалды. Жеке құрамнан 90 адам тартылып, 25 техника өртті сөндіруде», - дейді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
Ербол Жанат
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.